Articles Posted by the Author:

  • Өскемен және Семей қалаларында семсерлесуден ашық облыс чемпионаты өтті

    Семсерлесуден ашық облыс чемпионаты Шығыс Қазақстан облысының екі бірдей қаласында өтті. Жарыста 1998-2000 ж.т. жастар, 2001 ж.т. және одан кіші кадеттер шеберлік байқасты. Сайысқа қатысқандар саны жүзге таяу болды. Чемпионат семсер және рапира сынды қарудың екі түрі бойынша өткізілді. Облыс орталығында семсершілер сайысқа түссе, Семейде рапира шеберлері бақ сынасты. – Облыс чемпионаты алдағы уақыттарда ел […]


  • ШҚО-да биатлоннан ҚР чемпионаты өтуде

    Риддерде биатлоннан жастар, жасөспірімдер және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Сайыста барлығы 7 құрамадан, 93 спортшы бақ сынасуда. Шығысқазақсатндық биатлоншылардан бөлек, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Алматы қаласының спортшылары шеберлік байқасуда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер биатлонның мынадай түрлері бойынша белгілі болмақ: эстафеталық жарыс 1+1, 2+2, спринт, із кесу сайысы, сондай-ақ, жекелей жарыс. […]


  • ШҚО таэквондошылары Алматы қаласында жүлдегер атанды

    Алматы қаласында ITF таэквондодан ҚР чемпионаты және ITF таэквондо Федерациясының құрметті президенті Нам Ю. М. Кубогі өтті. Аталмыш жарыста шығысқазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Малика Әшірова (70 кг) […]


  • ШҚО-да хоккейден ҚР чемпионаты аяқталды

    Өскеменде 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасындағы хоккейден ҚР чемпионатының екінші кезеңі аяқталды. Өскемендегі хоккей модулінде шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты мәресіне жетті. Жарыста барлығы алты құрама бақ сынасты. Алты күнге созылған сайыс барысында төрешілер Латвияда өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсететін үміткерлерді іріктеді. Ел біріншілігінде өскемендік спортшылардан бөлек, Қарағанды қаласының «Юность», астаналық үш бірдей «Астана», «Барыс-2001», […]


  • ШҚО-да жеңіл атлетикадан ҚР Кубогі аяқталды

    Өскемендегі жеңіл атлетика манежінде жабық кешендегі ҚР Кубогі өз мәресіне жетті. Спортшылар екі күнге созылған сайыста үздікті жеңіл атлетиканың 16 түрі бойынша анықтады. Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өткен жабық кешендегі ҚР Кубогінде 160-тан аса жеңіл атлет шеберлік байқасты. Жарысқа қатысушылар еліміздің әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан келді. Жарыс нәтижесі бойынша үздіктер […]


  • Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінің күміс медалін еншіледі

    Шығысқазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд фристайл могулден АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласындағы әлем Кубогі кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары шеберлік мектебі» КММ тәрбиеленушісі әлем Кубогі кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті. АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде Дмитрий Рейхерд 83.66 ұпай жинап жүлделі екінші орыннан көрінді. Ол тек, […]


  • ШҚО-да қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті

    Семейде қазақ күресінен 1998-200 ж.т. жастар және қыздар арасындағы Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Чемпионатта жарыс қожайындарынан бөлек, Өскемен қалаласынан және Бородулиха, Аягөз, Тарбағатай, Абай аудандарынан 120-дан астам спортшы шеберлік байқасты. Бәсеке жастар арасында жеті салмақ бойынша, қыздар арасында алты салмақта өрбіді. – Бұл жарыс Астана қаласының 20 жылдығына орай және ел чемпионатына іріктеу мақсатымен […]


  • ШҚО-да жеңіл атлетикадан ҚР Кубогінің алғашқы күні аяқталды

    Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жабық кешендегі ҚР Кубогі өтуде. Алғашқы сайыс күнінің нәтижесі бойынша үздіктер де анық болды. Сайыстың алғашқы күні спортшылар жүлдені жеңіл атлетиканың тоғыз түрі бойынша сарапқа салды. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды: Ерлер арасында ұзындыққа секіру қорытындысы 1 орын В.Потоцкий (Оңтүстік Қазақстан облысы) 2 орын А.Пономарев (Шығыс […]


  • ШҚО-да жеңіл атлетикадан ҚР Кубогі өтуде

    Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жабық кешендегі ҚР Кубогі өтуде. Аталмыш сайысқа еліміздің әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 170-ке жуық спортшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты. – Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан сайыстың ашылуымен құттықтауға рұқсат […]


  • ШҚО-да ауыр атлетикадан мектеп біріншілігі өтті

    Семейде ауыр атлетикадан 1996-2008 ж.т. жасөспірімдер және қыздар арасында «Жаңа жылдық демалыс» атты ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ауыр атлетикадан ШҚО мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің» біріншілігі өтті. Сайыста барлығы 116 ауыр атлет жарыс жолына шықты. Спортшылар барлығы 23 салмақта жүлде үшін талас жүргізді. Оның ішінде жасөспірімдер 14 салмақ бойынша, ал бұрымдылар 9 […]