Articles Posted in the " ЖАҢАЛЫҚТАР " Category

  • Семейде үстел теннисінен қала біріншілігі өтті

    Спорт күні мерекесіне орай үстел теннисінен 2003, 2005, 2006 жылғы және одан кіші ұлдар мен қыздар арасындағы Семей қаласы бойынша балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Семей қаласының «Биатлон» спорт кешенінде өткен жарысқа 40-тан аса бала қатысты. Үстел теннисін бұқаралық спорт түрі ретінде кеңінен насихаттап, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулуды мақсат ете отырып, […]


  • Спорт ардагерлері Спорт күнінде өзара сайысқа түсті

    Спорт күні аясында О. Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі мен Жекпе-жек сарайында спорт ардагерлері арасында шағын жарыс ұйымдастырылды. Ардагерлер жарыс бағдарламасына сәйкес үстел теннисі, спорттық жүгіріс пен дойбыдан өзара сайысқа түсті. Мерекелік шара салауатты өмір салтын қалыптастыру және халық арасындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Үстел теннисінен өткен жарысқа 8 ардагер қатысты. 56 жастан жоғары жас […]


  • ШҚО-да спорт күні атап өтілуде

    ШҚО-спортшылары спорт күні мерекесін атап өтуде. 19 тамызға жоспарланған бірқатар спорттық шаралардың мерзімі ауа-райының қолайсыздығына байланысты шегерілгенімен, О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежында спорт саласына үлесін қосқан спортшылар марапатталды. Кәсіби мерекеге орай Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар спорттық мектеп директорлары, жаттықтырушылар ШҚО әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды. Шара барысында Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» төсбелгісі Аягөз ауданының […]


  • Өскеменде дзюдодан ШҚО чемпионаты өтті

    14-15 тамыз аралығында Өскемен қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Абай, Көкпекті, Ұлан, Үржар аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан келген 100-ден аса балуан қатысты. Дзюдо орталығында екі күн қатарынан 7 салмақ дәрежесіндегі балуандар жеңіс үшін күресіп бақты. Ерлер өз шеберліктерін 60, 66, 73, 81, 90, 100, […]


  • Үржар ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында жарыс өтті

    3-6 тамыз аралығында ШҚО-да Абай, Үржар ауданының Құрметті азаматы Исагали Омаралиновты еске алуға арналған 1997-1999 жылғы жастар арасындағы дзюдо бойынша облыстық турнир өтті. Турнирге Астана, Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Семей қалалары мен Бородулиха, Абай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар, Аягөз аудандарынан келген 100-ге жуық бала қатысты. Үржар ауданы, «Айгерім» демалыс орнында өткен жарыста ұл балалар […]


  • Ольга Рыпакова әлем чемпионатының қола жүлдегері

    Шығысқазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Лондонда жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қол жүлде иеленді. Оның көрсеткіші 14.77 метр құрады. Венесуэлалық спортшы Юлимар Рохас (14.91) пен колумбиялық Катрин Ибаргуэн (14.89) кейін үшінші орынға Ольга Рыпакова аяқ тіреді. Естеріңізге сала кетсек, Ольга Рыпакова Шығыс Қазақстанда құрылған елдегі алғашқы «Алтай Атлетикс» кәсіпқой жеңіл атлетика клубының мүшесі болып […]


  • ШҚО-да«Қазақстан оқушысы-2017» 48-ші дәстүрлі велосипед жарысыбасталды

    Шығыс Қазақстан облысында Өзбекстан Республикасы, Қазақстан өңірлері командаларының қатысуымен «Қазақстан оқушысы-2017» атты XLVII дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы басталды. 5-13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының жолдарында «Қазақстан оқушысы-2017» атты 48-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы өтуде. Республикалық деңгейде өткізілетін веложарысқа Астана, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, және Шығыс Қазақстан облыстары мен Өзбекстан Республикасыспортшылары […]


  • ШҚО-да жағажай волейболынан ҚР Чемпионатының ІІІ туры аяқталды

    Зырян ауданының Жаңа Бұқтырма кентіндеүш күнге созылған жағажай волейболы бойынша ҚР Чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Чемпионатқа ШҚО мен Алматы, Астана, Ақтау қалаларынан келген 70-ке жуық (23 жұп ерлер және 10 жұп әйелдер) спортшы қатысқан. Ұйымдастырушылар ойын алаңында еліміздің ең мықты деген волейболшылары бас қосқандығын алға тартуда. Аталмыш чемпионатта ережеге сай ерлер мен әйелдер жұптары жеке-жеке жарысқа […]


  • «Алтай Атлетикс» клубының жеңіл атлеті Швейцарияда күміс медаль жеңіп алды

    Ағымдағы жылы маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімі даниал Ахметовтың тапсырмасымен елдегі ең бірінші «Алтай Атлетикс» атты кәсіби жеңіл атлетикалық клуб ашылған болатын. Клубтың қоржынына екі күміс медаль түсіп те үлгерді. Каролин Кипкируи Люцернде өткен Spitzen Leichatletik Luzetn жарысында 2 орын алса, Нора Джеруто Рабат елінде өткен Гауһар лигасы кезеңінде күміс медальға ие болды. «Алтай Атлетикс» […]


>