ШҚО-да волейболдан Азия Чемпионаты өтеді

Өскеменде 25 – 31 мамыр аралығында волейболдан қыздар арасында клубтық Азия Чемпионаты өтпек. Аталмыш турнирге Қазақстаннан бөлек 8 елден командалар қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстан, Қытай, Жапония, Иран, Таиланд, Тайбэй, Филиппин ж»не Вьетнам командалары қатысатын Чемпионат Б. Александров атындағы спорт сарайында өтеді.
Айта кетсек, қазіргі таңда Жапониялық «НЕК РедРокетс» командасы турнирдің жеңімпазы болғанымен, Өскеменде өтетін чемпионатқа Жапония елінен басқа команда қатысады. Сондай-ақ, аталмыш сайыс 2018 жылғы волейболдан Әлем біріншілігіне іріктеу сыны болып табылады.
Екі дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы шығысқазақстандық «Алтай» волейбол командасы байқауда ел намысын қорғамақ.
Чемпионаттағы ойын кезеңі екі квартеттен тұрады:
А тобы
1. «Алтай» (Қазақстан)
2. ВК «Супреме» (Таиланд)
3. «Сармайе Банк» (Иран)
4. «Тайвань Пауэр» (Тайбэй)

B тобы
1. «Хисамицу Сеяку Спрингс» (Жапония)
2. «Тяньцзинь Бохай Банк» (Қытай)
3. «Вьетин Банк Клуб» (Вьетнам)
4. «Филиппин Супер Лига» (Филиппин).