70 жасар қазақстандық радиоспорттан Ресей кубогын жеңіп алды

IMG_6934
Шығысқазақстандық Александр Кочергин радиоспорттан Ресей Кубогына қатысып, алтын медальға ие болды.
Мәскеу қаласында 21-26 маусым аралығындаспорттық радиопеленгациядан Ресей Кубогі өткен.Аталмыш жарысқа біздің отандасымыз, Азияның 11 дүркін чемпионы Александр Кочергин қатысып, алтын медальға ие болды.
– Мен спорттың бұл түрімен 1964 жылдан бері айналысып келемін. Енді Моңғолияда шілде айында өтетін Азия Чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Шығыс Қазақстан облысынан 3 спортшы барады. Бұл сайысқа қатысуда ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетпек, – деді Александр Кочергин.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында спорт ардагері Ресей біріншілігінде ойнатылған 4 алтын медальдің төртеуін де еншілеген еді. Отандасымыз қыркүйек айында Еуропа Чемпионатына қатысуға ниетті.