• Главная »
  • ЖАҢАЛЫҚТАР »
  • Шығысқазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшыларV Республикалық Спартакиададан жүлдемен оралды

Шығысқазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшыларV Республикалық Спартакиададан жүлдемен оралды

DSC_0050
25 қыркүйекте Атырау қаласында көз бен қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен V Республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті.
Біздің спортшылар 7 алтын, 10 күміс және 16 қола медальмен оралған жеңімпаздарды өскемендіктер қарсы алды. Жүлдегерлерді қарсы алған ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов өзінің жылы лебізін білдірді.
– Аймақ басшылығы және Дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан сіздерді шын жүректен жеңістеріңізбен құттықтаймын! Менің ойымша, бұл спорт саласы дамыған аймақ үшін жақсы көрсеткіш, – деді Асқар Можанов.
Спортшылардың арасында спорт шебері деңгейін орындағандар да бар. Олар: А. Нұрмағамбетова, А. Кутявина, С. Ковалев, М. Алиаскаров. Семей қаласының спортшысы А. Сиязова халықаралық деңгейде өнер көрсете білді.
Еске салсақ, 40-45 адамнан құралған мүгедек-спортшылардың ШҚО құрама командасы Шығыс Қазақстан облысының намысын оқпен ату, үстел теннисі, жеңіл атлетика мен пауерлифтинг сынды спорт түрлерінен қорғады.
DSC_0056