Өскеменде семсерлесуден ШҚО Кубогі өтеді

30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Өскемен қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы семсерлесуден ШҚО Кубогі өтеді.
№19 мамандандырылған жалпы білім беретін мектеп-кешенінде өтетін жарысқа Семей мен Өскемен қалаларының спортшылары қатыспақ. Олар семсер мен рапирадан жеке және командалық сайысқа түседі.
Жарыстың нәтижесіне сәйкес Республикалық кубокқа қатысатын құрама команда іріктелетін болады.