Кристина Сотникова Халықаралық турнирде топ жарды

Фото
Шығыс Қазақстандық дзюдошы Кристина Сотникова 28 қыркүйек – 1 қазан аралығында Тараз қаласында өткен КСРО спорт шеберіБақытжан Ташметовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
«Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстаноблыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы Кристина Сотникова 63 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын айқын ұтып, жеңістің биік сатысынан көрінді.