Өскеменде ауыр атлетикадан ашық чемпионат басталды

IMG_6345
Өскеменде 20 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар арасында ауыр атлетикадан ШҚО-ның ашық чемпионаты басталды.
Жыл сайын өтетін облыс чемпионатына биыл 6 команда қатысуда. Олар: Риддер, Зырян, Өскемен, Семей қалаларынан және Күршім, Шемонаиха аудандарынан спортшылар келіп, «кім мықтыны» анықтауға жиналды. Ұлдар және қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жексенбі күні белгілі болады. Жарыс қорытындысына қарай, қарашаның 4-9 аралығында Ақтау қаласында өтетін Республикалық біріншілікте бақ сынайтын облыс құрамасы жасақталмақ.
IMG_6309