Талғат Әміренов Белорусия жерінен жеңіспен оралды

IMG_6408
Минск төрінде қазақ күресінен 7-ші әлем чемпионатынан бірінші орынды еншілеген Талғат Әміренов бүгін Өскемен қаласына келді. Спортшыны жаттықтырушысымен қатар, өскемендік жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды.
Шығыс өңірінің палуаны Талғат Әміренов белдесуге келгенде қарсыластырнан бір бас жоғары екендігін дәлелдеп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.Әр мемелекет үкілеп қосқан «кіл мықтылар» белдескенде жүлдеден әркімнің дәмелі екендігі белгілі. +90 салмақта ел намысын арқалап шыққан спортшымыз боз кілемге шыққанда, шығыс жұртшылығы тақымын қысқандары сөзсіз. Алдына келгеннің бәрінен айласын асырып, әлем чемпионы атанған Талғат Әміреновты бүгін өскемендіктер үлкен қошеметпен қарсы алды.
IMG_6503
– Барлық қарсыластарым шетінен мықты болды. Дегенмен, осы жеңіске жетуіме себепкер болған бапкеріме, жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз. Осы жеңіспен шектеліп қаламай, алдағы күтіп тұрған жарыстарға дайындықты күшейтіп, маған тілеулестік танытқан жандарды тағы да қуантқым келеді, – деді Талғат Әміренов.
Талғат Әміренов барлғы 4 белдесу өткізді. Жартылай финалдық бәсекеде нидерландялық палуаннан айласын асырса, ақтық сында кілем қожайынын, яғни беларусь палуанын ұтты. Одан бөлек, Қазақстан құрамасы 60 кг салмақта және әйелдер арасында алтын медальға ие болды. Айта кетейік, VII әлем чемпионатына барлығы 42 мемлекет қатысты.
IMG_6470