ҚР кубогі жолында «Алтай» айқын жеңіске қол жеткізді

Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР кубогі үшін бәсекеде шығысқазақстандық қос команда қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алғашқы ойында «Алтай 2» құрамасы «Қуаныш» ұжымынан 5 сетке созылған тартысты ойында басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал, шығысқазақстандық негізгі команда өз кезегінде «Қарағанды» құрамасын 3 сетте айқын ұтып, қанжығасына жартылай финал жолдамасын салды.
IMG_8776
IMG_9028
«Алтай 2» – «Қуаныш» 3:2 (25:18, 22:25, 25:18, 23:25, 19:17)
«Алтай» – «Қарағанды» 3:0 (27:25, 25:23, 25:18)