«Алтай» арулары ақтық сынға жолдама алды

Өскеменде ала доп бәсекесінің жауапты ойындары таяп келеді. Тартысты ойындар нәтижесінде финалда ҚР кубогын сарапқа салатын командалар белгілі болды.IMG_9266
Бірінші кездесуде жас ойыншылардан жасақталған «Алтай 2» ұжымы 3 сетке созылған ойында тәжірибелі «Ертіс-Казхром» құрамасына жол берді. Ал, ақтық ойынның жолдамасына иелік ететін 2 ойында шығысқазастандық негізгі құрама «Жетісу» командасын 3 сетте тізе бүктіріп, финалға өтті. Осылайша, қазанның 31 күні өскемендік «Алтай» командасы мен павлодарлық «Ертіс-Казхром» құрамасы әйелдер командалары арасындағы ҚР кубогі үшін финалда кездесетін болады. Өскемендік тағы бір ұжым «Алтай 2» және талдықорғандық «Жетісу» волейболшылары жүлделі 3 орын үшін ойнайтын болады.
IMG_9299

«Алтай 2» – «Ертіс-Казхром» 0:3 (21:25, 28:30, 18:25)
«Алтай» – «Жетісу» 3:0 (25:18, 25:22, 25:15)
IMG_9311