ШҚО қол күрес шеберлері Азия кубогінен жүлдемен қайтты

d0dc79e1-d7ea-4b6b-9c5e-c8c4e46e259b Қазанның 23-28 аралығында Тараз қаласында армрестлингтен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында ашық Азия кубогі өтті.
Әр елдің мықтылары бақ сынасқан жарысқа барлығы 14 команда қатысты. Азиядан келген құрамалардан бөлек, Ресей, Германия, Украина, Латвия, Хорватия, Болгария, Иран сынды Еуропалық елдерден де спортшылар келді. ШҚО-дан «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» атынан 3 спортшы жарыс жолына шығып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, Владимир Уфимцев пен Зарина Примак өз салмақтарында арбаға таңылғандар арасында 1 орынға ие болды. Сондай-ақ, есту қабілеті нашар спортшылар арасында Данияр Тайменов те жеңімпаз атанды.
34556230-aebc-4b51-9ce1-b5021f97f5bd