ШҚО-да теннистен халықаралық турнир өтуде

Өскеменде теннистен 14 жасқа дейінгі қыздар және ұлдар арасында «KAZZINC – Open Ust-Kamenogorsk 2017» халықаралық турниры басталды.IMG_9348
Жарыстың ашылу салтанатына Шыңыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.
– Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан сайыстың ашылуымен құттықтаймын. Аймақта бұл спорт түрі қарқынды түрде дамып келеді. Осындай заманауи спорт кешенін түгелдей жабдықтап, жас теннисшілерге қолданысқа беріп, аталымыш спорт түрінің дамуына үлес қосып келе жатқан «Казцинк ЖШС-не» үлкен алғысымды білдіремін, – басқарма басшысы.IMG_9356
Халықаралық турнирге 6 команда 64 спортшы қатысуда. Сайысқа өскемендік жас спортышлардан бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, Гонконг сынды елдерден жас теннисшіер келді. Кейбір командалар шығыс жеріндегі жарысқа бірнеше рет қатысса, Гонконг құрамасы биыл Өскемендегі халықаралық турнирде тұңғыш рет бақ сынауда.
– Өскемен қаласына осымен 3 рет келіп отырмыз. Халқы өте қонақжай. Бұл жарысқа барлығы 11 спортшы алып келдім. Жарыстың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Шәкірттерімнің барлығы жақсы дайындықпен келді, – деді Тәжікстан құрамасының бас бапкері Абдрасул Мухутдинов.
IMG_9563