ШҚО-да ITF таэквондодан ел чемпионаты және халықаралық турнир өтуде

Семей қаласында ITF таэквондодан 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер ұлдар және қыздар арасында ел чемпионаты және «Семей Кубогі» атты халықаралық турнир басталды.
Айта кетейік, Семей жерінде халықаралық жарыс осымен XIX рет, ал ҚР чемпионаты жыл сайын өтуде. Ел чемпионатына мемлекетіміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларынан спортшылар қатысуда. Ал, халықаралық турнирге сайыс иелерінен бөлек, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей елдерінен жас таэквондошылар келді. Жарыста барлығы 520 спортшы бақ сынасуда. Аталмыш жарыста жақсы нәтиже көрсеткен таэквондошылар алдағы аптада Өзбекстанда өтетін халықаралық жарыста өнер көрсететін болады.