ШҚО спортшылары еркін күрестен Республикалық турнирде тұғырдан табылды

IMG-20171107-WA0009
Павлодар қаласында еркін күрестен Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған ашық Республикалық турнир өтті.
Әр өңірдің белді палуандары бақ сынаған сайыста семейлік спортшылар жүлдегерлер қатарынан табылды.
Айта кетсек, Сұлтан Құрманалиев (42 кг) мен Ілияс Ерболатов (58 кг) –жарыс жеңімпаздары атанды, Әділжан Қонысбеков (42 кг) пен Темірхан Үмітханов (46 кг) –күміс медаль еншілесе, Байжан Тоқташ (54 кг) және Диас Өміртай (54 кг) –тұғырдың 3-ші сатысына жайғасты.