• Главная »
  • ЖАҢАЛЫҚТАР »
  • Шығысқазақстандық палуандар грек-рим күресінен Республикалық турнирдің жүлдегерлері атанды

Шығысқазақстандық палуандар грек-рим күресінен Республикалық турнирдің жүлдегерлері атанды

Астана қаласында Оқушылар сарайының кубогына және Астана қаласында грек-рим күресінің негізін қалаушы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Лукьянов Валерий Константиновичке арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир өтті.
IMG-20171105-WA0006
Аталмыш жарыста «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі_орындардан көрінді.
Атап айтсақ, Елдос Камелов (42 кг) пен Əмір Темірғали (59 кг) – жарыс жеңімпаздары атанды, Забит Абибов (35 кг), Ондасын Хамитов (38), Мадияр Амантаев (47 кг) және Нұрдәулет Әлімғазиев (73 кг) жарыстың күміс жүлдегерлері атанса, Асан Даулет (32 кг) пен Ануар Макремов (+85 кг) Республикалық турнирда 3 орын иеленді.
IMG-20171105-WA0008