«Алтай» волейболдан Суперкубок иегері атанды

IMG_2054
ШҚО-да волейболдан әйелдер арасында Суперкубокка өткен ойында «Алтай» командасы павлодарлық «Ертіс-Кахромды» 3:0 есебімен ұтып, жеңіске жетті.
Биылғы ойында «Алтай» және «Ертіс-Казхром» командалары өзара Суперкубокке таласты. Тартысты өткен ойын барысында шығысқазақстандық команда жеңіске жетіп, осымен екінші рет волейболдың бас жүлдесін қанжығасына байлады. Жеңімпаз команданы ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов құттықтап, Кубокті табыс етті.
IMG_2159