Өскеменде мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада басталды

IMG-20171111-WA0017
Өскеменде Тұңғыш Президент күніне орай, қалалар, аудандар бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада басталды. Аталмыш сайыс осымен 16 мәрте өтуде.

Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.
– Қайырлы күн құрметті әріптестер. Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиаданың ашылуымен құттықтаймын. Мұндағы барлық жанкүйерлерді спортшыларымызды белсенді түрде қолдауға шақырамын. Барлық мемлекеттік қызметкерлеріміз шыныққан, шымыр болса қуанарлық жайт. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарысқа барлығы 48 команда 1500-ға жуық мемлекеттік қызметкер қатысады деп жоспарлануда. Қатысушылар спорттың 7 түрі бойынша бақ сынасуда. Атап айтсақ, футзал, волейбол, үстел теннисі, суда жүзу, шаңғы жарысы, шахмат және бильярд сынды спорт түрлерінен бәсеке өрбитін болады. Бұған Семей, Риддер, Курчатов, Зырян қалаларынан және өңіріміздің барлық аудандарынан спортшылар қатысуда. Облыстық спартакиадада әлеуеттік құрылымдар қызметкерлері, облыстық басқарма қызметкерлері, аудандық департамент қызметкерлері жарыс жолына шықты. Аталмыш жарыс келер жылдың ақпан айына дейін жалғасатын болады.
IMG-20171111-WA0016