ШҚО спортшылары Ақтөбе қаласынан жүлдемен оралды

IMG-20171113-WA0013
Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты және Кубогы өтті.
Аталмыш сайыста шығысқазақстандық дзюдошылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары Назгүл Елмұратова (52 кг), Төлеген Нұрғалиев (66 кг) мен Зере Бектасқызы (70 кг) – Қазақстан Республикасының чемпионатында қола медальға қол созды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кубогы үшін бәсекеде ШҚО ерлер командасы – 2-ші орын алса, әйелдер құрамасы – 3-ші орынға табан тіреді.
IMG-20171113-WA0015

IMG-20171113-WA0017

IMG-20171113-WA0018