ШҚО спортшысы Италия жерінен олжалы оралды

WhatsApp Image 2017-11-19 at 15.18.30
Жуырда Италияның Линьяно қаласында семсерлесуден 42-ші «Trofeo Carroccio» турнирі өтуде. Аталмыш сайыста ел намысын қорғаған Руслан Курбанов жүлделі орын иеленді.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жазғы спорт түрлері бойынша облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» тәрбиеленушісі Руслан Курбанов әлемдік додада жүлдегерлер қатарынан табылды. Қола жүлде иеленген Руслан турнирге «шпага» тәртібі бойынша қатысқан. Айта кетсек, бұл Русланның әлемдік додадағы алғашқы жүлдесі.
WhatsApp Image 2017-11-19 at 15.18.31