ШҚО акробаттары Әлем чемпионатына қатысуда

2017-11-17
Болгарияның астанасы София қаласында қазірде акробатикадан және серіппеде секіруден әлем чемпионаты өтуде. 46 елден жалпы саны 941 спортшы қатысқан сайыста 4 шығысқазақстандық акробат бақ сынауда.
Сайыстың бірінші күнінде-ақ Игорь Грачев пен Роман Барков 17-21 жас аралығында 4 орынға қол жеткізді. Ал акробатикалық жолақ бойынша бақ сынаған Анжела Вислобокова 11 орыннан көрінді.
Келер күні Игорь Грачев, Роман Барков серіппеден секірсе, Виталии Смотриков акробатикалық жолақ бойынша сынға түседі.