ШҚО спортшылары Болгариядағы әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті

Болгарияның София қаласында 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында акробатикалық жолақтан және батуттан секіру бойынша Әлем чемпионаты өтті.
Аталмыш сайыста шығысқазақстандық спортшылар жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, 21 жасқа дейінгі жастар арасында бірлесе секріру бойынша Игорь Грачев 4 орын, 11- 12 жасқа дейінгі қыздар арасында акробатикалық жолақтан жекелей секіруде Виталия Смотрикова 4 орын, Анжела Вислобокова 13-14 жас аралығындағы бұрымдылар арасында 11 орыннан табылса, Игорь Грачев 17 мен 21 жас аралығындағы жастар арасында жекелей сында батутта секіру бойынша 20 орыннан көрінді.
Сондай-ақ, осындай дарынды спортшыларды жаттықтырып жүрген бапкерлерді де атап өтуге болады. Игорь Грачев Федор Булучевскиидің қол астында жаттығады, ал Роман Барковты Игорь Яковлев баптайды. Ал Анжела Вислобокова мен Виталия Смотрикова Виолетта Калинцеваның қол астында дайындықтарын пысықтауда.