Шығысқазақстандық спортшылар Жезқазған қаласынан жүлдемен оралды

IMG-20171119-WA0002 (1)Жуырда Жезқазған қаласында еркін күрестен 2002-2004 ж. т. кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл сында ШҚО намысын қорғаған спортшылар сәтті өнер көрсетті.
«Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»_КММ_спортшылары_жүлдегерлер_қатарынан көрінді.
Атап айтсақ, Шұғыла Жұмаханова (37 кг) – ел чемпионы атанды, Әділжан Қонысбеков (42 кг) – ҚР чемпионатында 2-ші орыннан көрінсе, Диана Зейнолланова (48 кг), Байжан Тоқташ (54 кг), Ілияс Ерболатов (58 кг) пен Әділ Жақсыбаев (69 кг) – өз салмақтарында аталмыш жарыстың қола жүлдегерлері атанды.