ШҚО-да облыстық спартакиадада шағын футболдан үздіктер белгілі болды

IMG_4181
Өскеменде Тұңғыш Президент күніне орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында өтіп жатқан XVI облыстық спартакиадада шағын футболдан қалалар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Барлығы 4 құрама өзара мықтыны анықтады. Атап айтсақ, Семей, Риддер, Курчатов және Зырян қалалары жарыс жолына шықты. Оның ішінде спартакиада басталғалы барлық сайыстарадан шет қалмаған Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов өз командасын қолдауға келді. Жарты күнге созылған жарыс нәтижесінде Семей қаласы әкімдігінің ұжымы шағын футбодан облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды. Курчатов қаласынан келген құрама жүлделі 2 орыннан көрінсе, Риддер қаласы тұғырдың үшінші сатысына жайғасты.
Қарашаның 26 күні шағын футболдан аудан әкімдіктері арасында бәсеке өрбитін болады.
IMG_4226