ШҚО спортшысы армрестлингтен Польшадағы Әлем кубогінде топ жарды

Жуырда Польшаның Румия қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында қол күресінен Әлем кубогі өтті. Аталмыш сайыстан ШҚО спортшысы Данияр Тайменов жаңімпаз атанды.
Әлемдік бәсекеде барлығы 40-қа жуық мемлекеттің қол күрес шеберлері бақ сынасты. Шығысқазақстандық спортшы есту қабілеті төмен, яғни АRM4 дәрежесінде жарыс жолына шықты. Қос бірдей қолымен қарсылас шыдатпаған спортшы 70 кг дейінгі салмақта екі бірдей алтын медальға иелік етті. Данияр Тайменовке жүлделі орындар үшін бәсекелестік танытқан польшалық және украиналық спортшылар екінші, үшінші орындарға тұрақтады. Айта кетейік, әлемдік додалардан Данияр бүгінге дейін барлығы 5 алтын, 2 күміс олжалаған.