Шығысқазақстандық спортшы Халықаралық турнирде қола медаль еншіледі

IMG-20171125-WA0054
Қарашаның 23-25 аралығында Сарыағаш қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Халықаралық турнир өтті. Аталмыш сайыста ШҚО дзюдошысы жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Турнирге татами иелерінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінен келген спортшылар жарыс жолына шықты. «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы Құсман Бақытжан (+81 кг) – салмақта жүлделі 3-ші орынға жайғасты.