Шығысқазақстандық спортшы Финляндиядағы Халықаралық жарыста жүлдегер атанды

инляндияның Контиолахти қаласында өтіп жатқан FIS халықаралық шаңғы жарысында ШҚО спортшысы Иван Люфт классикалық әдіспен жүгіруде үздік нәтиже көрсетті.
Жарыс жолына 100-ге жуық спортшы шықты. Бұл сайыста шығысқазақстандық шаңғышы 10 шақырымдық қашықтықты классикалық әдіспен жүгіруде тек ресейлік спортшыны алға жіберіп, жүлделі 2-орын иеленді. Үздік үштікті тағы бір отандасымыз Николай Чеботько түйіндеді. Одан бөлек, аталмыш қашықтықта сынға түскен ШҚО спортшылары Сергей Черепанов 12, Никита Жарносенко 29 орыннан көрінді. Айта кетейік, бұған дейін Иван Люфт тап осы Финляндия жерінде 10 шақырымдық классикалық әдіспен жүгіруде топ жарған болатын.