ШҚО спортшысы Румыния төрінен жеңіспен оралды

IMG_4823
strong>Румынияның Бухарест қаласында жалауы желбіреген XVI Европа чемпионатында шығысқазақстандық спортшы Киокушинкай-кан каратэ бойынша жеңімпаз атанды. Спортшыны ата-анасы және жақындары қуанышпен қарсы алды.
Сайысқа Еуропаның 22 елінен келген алдыңғы қатарлы спортшылар қатысты. Диас Костубаев 12-13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, 40 кг дейінгі салмақта Еуропа чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы бұл чемпионатқа 15 спортшы апарды. Шығыс өңірінен бір өзі аттанған жас спортшы барлығы 3 жекпе-жек өткізіп, барлық кездесуін сенімді ұтты. Диас үшін жарыс қожайынымен өткізген алғашқы кезедесуі қиынға соққан көрінеді. Жартылай финалдық және финалдық жекпе-жегінде ресейлік спортшылардан айласын асырып, тұғырдың ең биігіне жайғасады.
– Бұл сайысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, 3 ай көлемінде дайындалдық. Дайындық барысында Диастың салмақты ұстап тұруы сәл қиынға соқты. Румынияға жеткенге дейін бұл жағы реттеліп, салмағы бірқалыпты болды. Қайткенмен де жарыс біз үшін сәтті аяқталып, жақсы нәтижеге қол жеткіздік, – деді Шығыс Қазақстан облыстық киокушинкай-кан каратэ филиалының жетекшісі Руслан Алшимбаев.
IMG_4828
Руслан Алшимбаевтың айтуынша, біраз күн тыныққан соң алдағы күтіп тұрған Халықаралық жарысқа дайындалаьын болады. Айта кетейік, Диас осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарған болатын.