Өскеменде оқ ату бойынша мектепшілік жарыс өтті

71adc0fa-b47f-4d0a-963a-18ad97009a29 (2)
Өскеменде Тұңыш Президент күніне орай оқ ату бойынша «Полиатлон» бөлімінің жасөспірім ұлдар және қыздар, ересектер арасындағы ату спортынан сайыс өтті.
b22b82c3-ce67-48c2-8cac-9aecfa3a5455
Спорттық іс-шара осымен 2 мәрте өткізілуде. Жарысқа «Полиатлон» спорт бөлімінен барлығы 18 спортшы жарыс жолына шықты. Қатысушылар пневматикалық винтовкадан және тапаншадан ату бойынша сынға түсті. Айта кетейік, құрама сапындағы алдыңғы қатарлы спортшылар Глубокое ауданында өтіп жатқан қысқы оқу-жаттығу жиынында дайындықтарын пысықтауда. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
Әйелдер арасында пневматикалық винтовкадан ату бойынша
1 орын И.Троеглазова
2 орын Т.Климанцева
3 орын М.Ермакова
Ересектер арасында тапаншадан ату бойынша
1 орын М.Кайрашев
2 орын А.Дегенбаев
3 орын Ш.Абжатов
Қыздар арасында пневматикалық винтовкадан ату бойынша
1 орын А.Окунькова
Жасөспірімдер арасында пневматикалық винтовкадан ату бойынша
1 орын В.Абакумов
b22b82c3-ce67-48c2-8cac-9aecfa3a5455
Мергендердің ішінде триатлоннан әлем чемпионы Ирина Троеглазова, студенттер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Мақсат Кайрашев сынды тәжірибелі спортшылар да болды.