Өскеменде су добынан қалалық біріншілік өтті

IMG_5239
Өскемендегі орталық бассейнде Тұңғыш Президент күніне орай 2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында су добынан ашық қалалық біріншілік өтті.
Аталмыш сайыс ақпан айында Өскеменде өтетін ел чемпионатының 2 кезеңіне іріктеу болып табылады. Айта кетейік, осыдан 2 апта бұрын жасөспірім спортшылар Алматыда өткен Қазақстан Республикасының біріншілігінің 1 кезеңінде 2 орын иеленген болатын.IMG_5230 Өскемен бойынша су спорты орталықтары мен мектептерінен барлығы 7 команда 50-ге жуық спортшы сайысқа түсті. Атап айтсақ, «ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі», «Алтай», «Восток», «Тайфун 06», «Алтай 2», «Восток 2» және «Өскемен қыздары» сынды құрамалар бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша, «Өскемен қыздары» құрамалары қалалық біріншілік жеңімпазы атанды. командалары жүлдегерлер қатарынан көрінді. «ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ-нің тәрбиеленушілері 2 орын және «Алтай 02» үздік үштікті қорытындылады.
IMG_5671