ШҚО-да бокстан қос мектеп арасында жолдастық кездесу өтті

IMG_5513
Өскеменде Тұңғыш Президент күніне орай №45 мектеп пен «Жекпе-жек» сарайындағы бокс үйірмесінің 2003-2004,2005-2006, 2007-2008, 2009 ж.т. ұлдар арасында жолдастық кездесу өтті.
Шаршы алаң бәсекесінде 23 салмақ бойынша барлығы 50 жас былғары қолғап шеберлері бақ сынасты. Аталмыш сайыс алдағы айларда болатын ірі додаларға іріктеу болып тбылады. Осы спортшылардың ішінен үздік нәтиже көрсеткен 10 боксшы желтоқсанның 4 күні Степногорск қаласында өтетін Республикалық жарыста өнер көрсететін болады. IMG_5922
– Бұл жолғы жолдастық кездесуде арасындағы кездесуде спортшылар саны айтарлықтай ұлғайды. Қос мектеп арасындағы бәсекелестік алдағы күндері жақсы нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын. Тұңғыш Президент Күніне орай өтіп отырған бұл жолдастық кездесу өте тартысты өтті. Осындай спорттық шараларды жиірек ұйымдастыруды жоспарлар отырмыз, – «Жекпе-жек» сарайындағы бокс үйірмесінің бапкері Әділет Шорғанов.
IMG_5938