Өскеменде жеңіл атлетикадан ашық қалалық чемпионат өтті

IMG_5271
Өскеменде Тұңғыш Президент Күніне орай Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жеңіл атлетикадан 2001-2002, 2003-2004, 2005 ж.т, және одан кіші жасөспірім ұлдар және қыздар арасында ашық қалалық чемпионат өтті.
Қалалық жарысқа өскемендіктерден бөлек, Риддер қаласынан, Шемонайха, Глубокое, Көкпекті сынды аудандардан барлығы 200-ге жуық спортшы қатысты. Жеңіл атлетика жарысы үш қарғып секіру, ұлдар арасында 1000 метрге, қыздар 300 метр қашықтығына жүгіру, 50 метрді кедергілермен жүгіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру және сырықпен секіру сынды бәсекелерді қамтыды.IMG_5316
Аталмыш жарыс Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу сайыстарының бірі болып табылады. Желтоқсанның 15-16 қарсы ҚР Тәуелсіздігң күніне орай, тап осы жеңіл атлетика манежінде облыс чемпионаты, сондай-ақ, қаңтар айының ортасында ел чемпионаты өтетін болады.
Жарыс қорытындысын желтоқсанның 3 күні жібереміз.
IMG_6049