Өскеменде ауыр атлетикадан ашық облыс чемпионаты өтуде

IMG_1138

Өскеменде ауыр атлетикадан ҚР Тәуелсіздік күніне орай және КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем Кубогі кезеңдерінің жүлдегері А.Охременконы еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы ШҚО ашық чемпионаты өтуде.
Зілтеміршілер бәсекесі жыл сайын өткізіліп келеді. Аталмыш сайыс жастар арасындағы спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ, ақпан айында Қызылорда қаласында өтетін ҚР чемпионатында бақ сынайтын облыс құрамасын жасақтау мақсатымен өтуде. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ауыр атлетикадан ШҚО мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтіп жатқан сайыста 80-ге жуық спортшы өз қабілеттерін байқауда. Ерлер барлығы 14 салмақ дәрежесінде, бұрымдылар 13 салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтайтын болады. Жарыс жеңімпазы серіппе және жұлқа жаттығуларының жалпы есебі бойынша анықталмақ.

IMG_1165