ШҚО-да жеңіл атлетикадан ҚР Кубогі өтуде

IMG_4049

Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жабық кешендегі ҚР Кубогі өтуде. Аталмыш сайысқа еліміздің әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 170-ке жуық спортшы қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.
– Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан сайыстың ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жеңіл атлетика еліміз бойынша негізгі спорт түрлерінің бірі. Бүгін барлығымыз жеңіл атлетикадан еліміз бойынша маңдай алды спортшылардың бірі Ольга Рыпакова атындағы мынадай керемет манежде өткізіліп отырған бәсекені тамашалауға жиналдық. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.

IMG_3970

Аталмыш сайыс қаңтардың 10 мен 11 аралығында өтеді. Ерлер мен әйелдер арасында үздіктер жеңіл атлетиканың 16 түрі бойынша анықталады. Шығыс Қазақстан облысының намысын ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ тәрбиеленушілері қорғамақ.
Айта кетейік, қаңтардың 20 күні тап осы жеңіл атлетика манежінде Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтетін болады.

IMG_4085