Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінің күміс медалін еншіледі

e91e2142594f2d231b5763a23c4963ce

Шығысқазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд фристайл могулден АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласындағы әлем Кубогі кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары шеберлік мектебі» КММ тәрбиеленушісі әлем Кубогі кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті. АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде Дмитрий Рейхерд 83.66 ұпай жинап жүлделі екінші орыннан көрінді. Ол тек, 88.80 ұпайға ие болған тәжірибелі канадалық Майкл Кинсберриге ғана жол берді. Жүлделі үштікті 82.37 ұпаймен австралиялық Мэтт Грэм түйіндеді.
Бұған дейін маусым алдындағы Финляндияның Рука қаласында өткен сайыста, Канаданың Калгари қаласында және Қытай Халық Республикасында өткен әлем Кубогі кезеңінде Дмитрий Рейхерд күміс медаль иеленген болатын.