Орталық бассейн

jekpejek

БАСШЫСЫ: Мерхат Болатханұлы Болатханов

ЖАЛПЫ АЛАҢЫ: 5343 ш.а. ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ: 1 сағатта 100 адам

Орталық бассейн халықаралық стандартқа сай салынған. Бассейн әр түрлі спорттық іс-шараларын, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, су полосы мен жүзуден облыс спортшыларын халықаралық турнирлерге, Азия, Республика Чемпионаттарына дайындауға арналған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдың 1 сәуірінде орталық бассейн ғимаратында су спорты түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі ашылды.


Мектепте балалар спорттың 6 түрімен шұғылданады:
жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, су полосы, байдарка мен каноэда есу, байдарка мен каноэда слалом есу.

Жаттықтырушылар саны 27 адам, спортшылар саны 677 бала.

Бассейннің ұзындығы 50 метр, тереңдігі 1,8 метрден 4,8 метрге дейін.

8 жол, 2 мұнара: 3 және 5 метр және көрермендерге арналған 747 орын бар.

Спортшылардың жаттығу графигі:

* дүйсенбіден-жұмаға дейін сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін

* сенбі сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін

* жексенбі сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін

Жас ерекшелігі: 7 – 9 жас.

Қыздыру жаттығуларын өткізу үшін орталық бассейнде жаттығу мен құрғақ залдары бар.

Жүзу – аз травматикалық спорт түрі болғандықтан, көп адамдар бұл спорт түрімен шұғылданады.

Орталық бассейн халық үшін жұмыс күндері

* жұмыс күндері сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін

* сенбі сағат 19:00-ден 22.00-ге дейін

* жексенбі сағат 13:00-ден 21.30-ге дейін

Сабақ процессі 1 сағат.

Ересектерге бір жолғы келу бағасы:

1. бассейн — 800/сағаты

2. тренажер залы — 700/сағаты

16 жасқа дейінгі балаларға бассейін дегін (күнделікті)

* дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сағат 10.30 – 11.30, сағат 13.00-14.00

* сейсенбі, бейсенбі сағат 13.00-14.00

* сенбі сағат 11.45-12.45

* жексенбі сағат 8.00-9.00, 10.30-11.30, 11.45-12.45.

Жәнеде дүйсенбіден-жұмаға дейін сағат 20.00-22.00 (тегін)

* сенбі сағат 19.00-22.00

* жексенбі сағат 13.00-21.30

Бассейндегі суды белгілі бір темпиратура мен тазалықта сақтайтын өзін-өзі тазалау арнайы құрылғысы жұмыс істейды.

Бассейндегі судың температурасы:
+27,0 градус.

Коммуникацияның жұмысы үшін бассейннің өзі орнатылған ғимарт 5 болктан тұрады: шешінетін, жуынатын бөлмелер, ұқалау кабинеттері, отырыс залы, дәрігер кабинеті, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған бөлмелер.

Орталық бассейн Өскемен қаласы Сәтпаев даңғылы 82/3 мекен-жайында орналасқан. Байланыс нөмірлері: +7 (7232) 711-720; +7 (7232) 742341.