«Ольга Рыпакова» жеңілатлетикалық орталығы

Olga Ripakova

(Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы)

2014ж 20-шы наурызында Өскемен қаласында жеңіл атлетика орталығының есігі ашылды. Орталық жергілікті және халықаралық деңгейдегі жарыстық және жаттықтырушы процесстерін ұйымдастыруға арналған аймақтық мағынадағы комплекстік объект болып табылады.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырысы бойынша Шығыс Қазақстан Облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлының қолдауымен жеңіл атлетика орталығы «НАК Казатопром» АҚ-ның қаржысына салынды.
Жеңілатлетикалық орталық Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының жеңілатлетика бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ теңгерімінде.
– Басшысы : -Рыпаков Денис Сергеевич.
– Өзіндік формасы: Мемлекеттік
– Спорт түрі: – жеңіл атлетика
– Оқытушы-жаттықтырушы саны – 11 адам
– Қатысатын спортшылар саны – 350.
– Топтар – 35
– Ғимараттың аумағы – 6910,85 шаршы метр
– Алаңның аумағы 4695 шаршы метр
– Отыратын орындар саны – 680
– Жүгіру жолдарының саны – 6
– Ортасындағы жүгіру жолдарының саны – 8
– Шеңбердің ұзындығы – 200м
– Арнайы секторлар саны – 4