ШҚО-да бильярдтан облыс чемпионаты өтті

5cb8da07-3ab5-44c7-8277-d3b8f500948b

Семейде бильярд спортының аралас пирамида түрінен Астана қаласының 20-жылдығына орай облыс чемпионаты өтті. Сайыста барлығы 24 спортшы бақ сынасты.
Қатысушылар арасында Бахтияр Умирбеков, Адай Тілемесов сынды спорт шеберлігінен үміткер, тәжірибелі бильярдшылар да болды. Мұнда олимпиадалық жүйе бойынша жеребе тартылып, қатысушының реттік саны еуросеткаға түсті. Шыққан реттік саны бойынша әр спортшы жарыс жолына шығып, неғұрлым көп жеңіске жеткен бильярдшы жеңімпаз атанды.

36ddf8ab-4700-44ab-a47e-1baa3ab6c16e

– Мұндай жарыстар жылына бірнеше рет өткізіледі. Осының нәтижесінде ауқымды сайыстарда өңір намысын қорғайтын спортшыларды іріктеуге мүмкіндік аламыз, – деді ШҚО бильярд федерациясының атқарушы директоры Дәурен Қасымханов.
Жарыс қорытындысында қарсыластарынан басымдық танытып, Қуаныш Джумагельдиев жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орын Азамат Ильдербаевқа бұйырды. Ал, Адиль Нугыманов пен Азат Адаспаев облыстық чемпионаттың қола медаліне иелік етті.
Айта кетейік, сайыста үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ақпанның 12 күні Алматыда өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жол тартады.