Язык сайта Язык сайта

МЖӘ туралы хабарлама

«Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулін салу және пайдалану»  мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы хабарлама

  

«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес «Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі – Жоба)  әлеуетті жекеше әріптесінің бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.

Кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге де ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауға тартудың, жоспарлаудың ашықтығын арттыру мақсатында, Жобаны іске асыру бойынша тікелей келіссөздерге сұрау салу түскені туралы хабардар етеді.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:

Жоба қысқы олимпиадалық спорт түрлерін (коньки тебу спорты, шорт-трек, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, керлинг) дамыту, облыс спортшыларының республикалық және халықаралық спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына спортшыларды даярлау, сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру, халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулін салуды және пайдалануды көздейді.

МЖӘ объектісі – 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулі болып табылады.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

Мемлекеттік қолдау шаралары - инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ), операциялық шығындардың өтемақысы (ОШӨ), қызметтерді тұтыну кепілдігі және МЖӘ жобасын басқаруға сыйақы төлеу.

Жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері – 12 жыл.

Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей тиесілігі:

Жоба техникалық жағынан күрделі емес.

Әлеуетті жекеше әріптестердің балаламлы ұсыныстар мен құжаттарды ұсыну күні, орны мен уақыты:

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының         2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелеріне сәйкес әзірленген баламалы ұсынысты, сондай-ақ 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 Ереженің 3 қосымшасына сәйкес  ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкес расталған құжаттарды 2019 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынуы қажет.

Жоспарланған жоба туралы толық ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, сондай-ақ, басқармасының sportvko.gov.kz ресми сайтынан алуға болады.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көш. 59/1, 409 кабинет.

Телефон:  8 (7232) 70-22-83, 70-22-82.

Ресми сайт: sportvko.gov.kz

E-Mail: sport@akimvko.gov.kz

 

 

«Семей қаласында жасанды мұздан спорттық мұз алаңын ұйымдастыру»  мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға бастамашылық ету туралы хабарлама

  «Шығыс Қазақстан облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы»  ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінен, қаржы және басқа ұйымдардан мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаны іске асыруға қызығушылық туралы баламалы ұсыныстарды тарту мақсатында  «Семей қаласында жасанды мұздан спорттық мұз алаңын ұйымдастыру»  мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ Жоба) бастамашылық ету жөнінде хабарлайды.

           МЖӘ жобасының мақсаты мен міндеттері:

Жоба мақсаты: Мұз аренасын ұйымдастыру – қысқы спорт түрлерін кеңінен таныту және дамыту, Семей қаласында дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың санын арттыру.

Мұз аренасының құрылысы коньки спорт түрлеріне (шайбалы хоккей, конькимен сырғанау) қолдауға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар олимпиадалық ойындарына кіретін мәнерлеп сырғанау, керлинг, шорт-трек сияқты спорт түрлерінің дамуына серпін береді. Демалыс уақытын ұйымдастыруда қызмет көрсету көлемін арттырып, сонымен қатар өскелең ұрпақты спортқа тартуға мүмкіндік туады. Қала тұрғындарының денсаулығын нығайтады және спортшылардың халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда бәсекелестік қабілеттерін арттырады.

Жобаның міндеттері:

  • Семей қаласында қысқы спорт түрлерін, оның ішінде, шайбалы хоккей, доппен хоккей, шорт-трек, конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанауды дамытып,кеңінен таныту;
  • Қысқы спорт түрлерін дамытуға тиісті жағыдай жасау;
  • Оқу-жаттығу дәрістерін және жарыстар ұйымдастырып өткізу;
  • Қысқы ойындар түрлерін дамытуға замануи спорт инфраструктурасын ұсыну;
  • Семей қаласында дене тәрбиесі және спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту;

Жобаны іске асыру мерзімі: 7 жылдан кем емес.

     Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.    

 

 Жеке әріптестің жүзеге асыруы және жауапкершілігі:

  • МЖӘ Жобасы жеке және тартылған қаржы есебінен қаржыландырылады;
  • Дене шынықтыру-спортта қызметтерін сапалы көрсету.

 

Жобаның алдын алу құны 1 740 584,0 мың теңгені құрайды.

Жоспарланған МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделі потенциалды жеке серіктестер өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып, осындай жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы балама ұсыныс ұсынады, оның ішінде:

- потенциалды жеке серіктестің атауы және мекенжайы;

- мемлекеттік меншігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

- заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және потенциалды жеке серіктеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

- әлеуетті жеке серіктеске тиесілі меншік құқығын немесе объектіге қатысты ұзақ мерзімді жалдауды немесе зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарын растайтын құжаттар.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес құрылған бизнес-жоспар.

Баламалы ұсыныстарды қабылдаудың мерзімі – 12 каңтар 2019

 жыл.

Жобаға қатысу қызығушылық туындаған жағдайда қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы ала аласыздар 8 (7232) 70 22 78, е-mail: sh.duisenova@akimvko.gov.kz, адрес: 070019, ШҚО Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, каб. 905, жауапты–Дүйсенова Шынар Ермекқызы.