Язык сайта Язык сайта

Спорт мысалдары


О. Рыпакова атындағы женіл атлетика орталығы

(Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы)
2014ж 20-шы наурызында Өскемен қаласында жеңіл атлетика орталығының есігі ашылды. Орталық жергілікті және халықаралық деңгейдегі жарыстық және жаттықтырушы процесстерін ұйымдастыруға арналған аймақтық мағынадағы комплекстік объект болып табылады.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырысы бойынша Шығыс Қазақстан Облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлының  қолдауымен жеңіл атлетика орталығы «НАК Казатопром» АҚ-ның қаржысына салынды.
Жеңілатлетикалық орталық Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының жеңілатлетика бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ теңгерімінде.
-    Басшысы : -Рыпаков Денис Сергеевич.
-    Өзіндік формасы: Мемлекеттік
-    Спорт түрі: - жеңіл атлетика
-    Оқытушы-жаттықтырушы саны - 11 адам
-              Қатысатын спортшылар саны – 350.
-              Топтар  – 35
-    Ғимараттың аумағы - 6910,85 шаршы метр
-    Алаңның аумағы 4695 шаршы метр
-    Отыратын орындар саны - 680
-    Жүгіру жолдарының саны - 6
-    Ортасындағы жүгіру жолдарының саны - 8
-    Шеңбердің ұзындығы - 200м
-    Арнайы секторлар саны – 4

 

«Жабық хоккей модулі» спорттық нысаны

(Өскемен қаласы, Тимирязев көшесі, 177)
БАСШЫ: Нұрғалиев Мерхат Сәбитұлы
Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өскемен қаласы бойынша ШҚО мамандандырылған шайбалы хоккейден балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ
ЖОБАЛЫҚ ҚУАТТЫЛЫҒЫ: 3088 шаршы метр
КІРГІЗУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ: 1 сағатта 50 адам (бір уақытта)
ЖАБДЫҚТАЛУЫ: Мұз алаңы (30*60), электрондық табло, тоңазытқыш құрылғылары, мұз тазалау машинасы.
Жабық хоккей модулі Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өскемен қаласы бойынша ШҚО мамандандырылған шайбалы хоккейден балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ теңгерімінде.
Қазіргі таңда мектепте 32 топ шұғылданады, оның ішінде: 14 спорттық жетілдіру, 8 оқу-жаттығу және 10 алғашқы даярлық топтары.
Жаттықтырушы-оқытушылық құрам 17 адамнан құралған.
Шұғылданушы оқушылар құрамы - 414 адам.
Мектеп негізінде әйелдер хоккейі мен допты хоккей бөлімшелері ашылған.

 

Жекпе-жек күрес сарайы

БАСШЫСЫ: Сайханов Жандос Тусюпханович

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жеке күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
ЖОБАЛЫҚ ҚУАТТЫЛЫҒЫ: 5700 шаршым.
КІРГІЗУ ҚАБІЛЕТІЛІГІ: 1 сағатта 1200 адам
ЖАБДЫҚТАЛУЫ: Бокс алаңы, татами, күрес кілемі, даянг, 2 теннис үстелі.
Жекпе-жек сарайы Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жеке күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» КММ теңгерімінде.
Спорт нысанында ІІ қабатта орналасқан 3 спорттық зал бар: күрес және бокс залы (жалпы ауданы 518,9 шаршым), дзюдо залы - (жалпы ауданы 293,7 шаршы м.), таэквондо және каратэ залы - (жалпы ауданы 293,0 шаршы м).
Бірінші қабатта спорттық жарыстарды өткізуге арналған жалпы ауданы 1161,8 шаршы м. зал бар. Спорт нысаны 600 орындық трибуналармен және 50 адамдық VIP трибунамен жабдықталған.
Қазіргі таңда 9 (олимпиядалық және олимпиадалық емес) спорт түрлері дамуда: бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, таэквондо, қазақ күресі, каратэ, кикбоксинг, самбо.
Оқытушы-жаттықтырушылар саны 45 адам.
Шұғылданушылар саны -1114 адам.
93 спорттық топтары бар.

 

Орталық бассейн

БАСШЫСЫ: Мерхат Болатханұлы Болатханов
ЖАЛПЫ АЛАҢЫ: 5343 ш.а. ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ: 1 сағатта 100 адам
Орталық бассейн халықаралық стандартқа сай салынған. Бассейн әр түрлі спорттық іс-шараларын, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, су полосы мен жүзуден облыс спортшыларын халықаралық турнирлерге, Азия, Республика Чемпионаттарына дайындауға арналған.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдың 1 сәуірінде орталық бассейн ғимаратында су спорты түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі ашылды.
Мектепте балалар спорттың 6 түрімен шұғылданады: жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, су полосы, байдарка мен каноэда есу, байдарка мен каноэда слалом есу.
Жаттықтырушылар саны 27 адам, спортшылар саны 677 бала.
Бассейннің ұзындығы 50 метр, тереңдігі 1,8 метрден 4,8 метрге дейін.
8 жол, 2 мұнара: 3 және 5 метр және көрермендерге арналған 747 орын бар.
Спортшылардың жаттығу графигі:
* дүйсенбіден-жұмаға дейін сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін
* сенбі сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін
* жексенбі сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін
Жас ерекшелігі: 7 – 9 жас.
Қыздыру жаттығуларын өткізу үшін орталық бассейнде жаттығу мен құрғақ залдары бар.
Жүзу – аз травматикалық спорт түрі болғандықтан, көп адамдар бұл спорт түрімен шұғылданады.
Орталық бассейн халық үшін жұмыс күндері
* жұмыс күндері сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін
* сенбі сағат 19:00-ден 22.00-ге дейін
* жексенбі сағат 13:00-ден 21.30-ге дейін
Сабақ процессі 1 сағат.
Ересектерге бір жолғы келу бағасы:
1. бассейн — 800/сағаты
2. тренажер залы — 700/сағаты
16 жасқа дейінгі балаларға бассейін дегін (күнделікті)
* дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сағат 10.30 – 11.30, сағат 13.00-14.00
* сейсенбі, бейсенбі сағат 13.00-14.00
* сенбі сағат 11.45-12.45
* жексенбі сағат 8.00-9.00, 10.30-11.30, 11.45-12.45.
Жәнеде дүйсенбіден-жұмаға дейін сағат 20.00-22.00 (тегін)
* сенбі сағат 19.00-22.00
* жексенбі сағат 13.00-21.30
Бассейндегі суды белгілі бір темпиратура мен тазалықта сақтайтын өзін-өзі тазалау арнайы құрылғысы жұмыс істейды.
Бассейндегі судың температурасы: +27,0 градус.
Коммуникацияның жұмысы үшін бассейннің өзі орнатылған ғимарт 5 болктан тұрады: шешінетін, жуынатын бөлмелер, ұқалау кабинеттері, отырыс залы, дәрігер кабинеті, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған бөлмелер.
Орталық бассейн Өскемен қаласы Сәтпаев даңғылы 82/3 мекен-жайында орналасқан. Байланыс нөмірлері: +7 (7232) 711-720; +7 (7232) 742341.