Язык сайта Язык сайта

Ақпарат

 

«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»

                                                    мемлекеттік мекемесі

(070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 411-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 702-286, эл.пошта  kadry_sport@akimvko.gov.kz аталған мемлекеттік органнның мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орнына ішкі конкурс жариялайды.

 

  1. Басқарма басшысының орынбасары (Д-О-2 санаты, 1 бірлік) лауазымдық  еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 163 166 теңгеден 220 681  теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері:  

Басшысы болмаған жағдайда оны алмастырады. Басқарманың төмендегідей функционалдық секторлары мен блоктары бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады: қаржы-экономикалық, бюджеттік қаражатты игеру және пайдалану, ұйымдастыру-құқықтық және кадрлық, дене шынықтыру және спорт, жоғары спортық жетістіктер және спорт резерві.

Құжатайналымы мен кадрлық іс жүргізу жұмыстарын үйлестіреді, Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсетуін және мемлекеттік қызметтер регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Құрылымдық бөлімдерге және басқармаға бағынысты мекемелерге ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Облыстың спортттық объектілері мен ғимараттарының жай-күйіне талдау және мониторинг, олардың республикалық регламенттерге сәйкестігі бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.

Дене шынықтыру мен спорттың дамуы және  халықтың тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту жұмыстарын үйлестіріп бақылайды. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорт клубтарының және басқа да спорттық ұйымдар желісінің дамуына, оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыруына, сондай-ақ спорт түрлері бойынша федерациялармен өзара іс-қимылын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.

Облыста спорттық іс-шараларды  ұйымдастырып  өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыс аумағында өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстардың өткізілуіне ықпал етеді.

Мемлекеттік сатып алудың тиісінше орындалуын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

ҚР заңнамалық және нормативтік актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, Басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерінің іске асырылуын, орындалуына бақылауды  ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), «Білім»      (дене шынықтыру және спорт), «Құқық» (құқықтану, құқыққорғау қызметі).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4,                 C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан тімен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған"А"орпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымдарынданемесесаясимемлекеттіклауазымдардамемлекеттікқызметөтілі бір жылданкемемес;

      2) осы санаттағынақтылауазымныңфункционалдықбағыттарынасәйкессалалардатөртжылдан кем емес, оныңішіндемемлекеттікорганның штат кестесіндекөзделгенкелесітөменгісанаттағылауазымдарданемесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынантөменемеслауазымдарданемесеТізілімменайқындалған "А" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымдарынданемесесаясимемлекеттіклауазымдардамемлекеттікқызметөтілібіржылдан кем емес;

      3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынантөменемесмемлекеттікәкімшіліклауазымдарданемесеТізілімменайқындалған "А" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымдарынданемесесаясимемлекеттіклауазымдарданемесеҚазақстанРеспубликасыПарламентінің депутаты мәртебесінденемесетұрақтынегіздеқызметететіноблыс, республикалықмаңызы бар қала, астанамәслихатының депутаты мәртебесінденемесехалықаралыққызметкермәртебесіндеқызметөтіліүшжылдан кем емес;

      4) мемлекеттікқызметөтілітөртжылдан кем емес, оныңішіндеорталықнемесеоблыстықдеңгейдегіқұқыққорғаунемесеарнайымемлекеттікоргандарыныңбасшылықлауазымдарынданемесеҚарулыКүштерәскерибасқаруоргандарыныңтактикалықдеңгейінентөменемес, жергіліктіәскерибасқаруоргандарыныңнемесеәскериоқуорындарыныңбасшылықлауазымдарындаекіжылдан кем емес;

      5)жоғарыоқуорындарынанкейінгібілімбағдарламаларыбойыншаҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңжанындағыбілім беру ұымдарындамемлекеттіктапсырыснегізінденемесешетелдіңжоғарыоқуорындарындаРеспубликалық комиссия бекітетінбасыммамандықтарбойыншаоқудыаяқтағаннемесеғылымидәрежесіболғанжағдайдамемлекеттікқызметөтілімемлекеттікорганның штат кестесіндекөзделгенкелесітөменгісанаттағылауазымдарданемесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынантөменемеслауазымдарданемесеТізілімменайқындалған "А" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымдарынданемесесаясимемлекеттіклауазымдардабіржылдан кем емес.

Кандидаты, претендующие на руководящие должности пишут одно эссе на одну из тем, определенных конкурсной комиссией. Эссе оценивается Комиссией в соответствии с параметрами, определенными в приложении 4 к Правилам проведения конкурса на занятие административной государственной должности корпуса «Б». Время написания эссе не должно превышать 45 минут.  

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

            1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзіреттер бойынша талаптар;

            2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

            3) «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

            4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

                Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кешіктірмей береді.

            Оларды бермеген жағдайда конкурс комиссиясы тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.

            Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған (Уәкілетті органның интернет-ресурсында) күнінен бастап 3 жұмыс күні.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:

            1)         осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)         тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде мына мекен - жайда: «ШҚО  дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/ 1  мекен - жайында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4-үй.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

           Анықтама телефоны: 8 (7232) 702-286, эл.пошта  kadry_sport@akimvko.gov.kz Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің сайты  www.kyzmet.gov.kz.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

 2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.