Язык сайта Язык сайта

Денис Уланов "British International Open" турнирінде алтын медаль ұтты

Денис Уланов

8 маусымда Британдық Ковентриде ауыр атлетикадан "British International Open"халықаралық турнирі басталған. Қазақстандық ауыр атлет Денис Ұланов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Денис 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Чемпионаттың " Алтын " медалін оған 325 келі нәтиже әкелді (145+180).

Дениспен қатар, Илья Ильин да тұғырға шықы. Илья 96 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғады.

"British International Open" Ковентридегі  Рико  аренасында өтті.  Токио-2020 Олимпиада ойындарына біліктілік болып табылатын жарысқа қола деңгей мәртебесі берілді.

 

Ақпарат көзі OLYMPIC.KZ