Язык сайта Язык сайта

Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир

Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир

2019 жылдың 07-08 маусымы Шымкент қаласында көркем гимнастикадан «FIG RG IT – ALIYA YUSSUPOVA» Алия Юсупованың жүлдесіне арналған Халықаралық турнирі өтті, оған Шығыс-Қазақстан облысының 2 тәрбиеленушісі қатысты.

Көркем гимнастикадан Халықаралық турниріне Қазақстаннан, Белоруссиядан, Украинадан, Өзбекстаннан, Азербайджаннан және Қырғызстаннан спортшылар қатысты.

          Бигулжаева Элина – Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушісі 2006 жылы туылған қыздар арасындағы көпсайыста 3 орын алды.