Язык сайта Язык сайта

Бос лауазымға конкурс жарияланады

Бос лауазымға конкурс жарияланады

«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды

1.Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» директоры (ШҚО Семей қ., Қозыбағаров көшесі, 16).

Негізгі қызметі:

- балалар мен жасөспірімдер арасында олардың денсаулығын және жан-жақты дене дамуын нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;

- балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;

- балалардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;

- дене, моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу;

- спорт резервін дайындауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы құрама командаларының және халықаралық дәрежедегі спортшылардың құрамын толықтыруға қабілетті, біліктілігі жоғары спортшыларды тәрбиеле;.

- шұғылданатындардың арасынан спортшы-нұсқаушылар мен спорт төрешілерін даярлау.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Педагогика», «Құқықтану», «Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 5 жыл, немесе ұйымның бейініне сай ұйымдарда басшылық лауазымында жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.

Лауазымдық жалақысы шамамен 158576 теңге (еңбек өтіліне байланысты).

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі;

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы                       8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы;

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;

«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы ;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы ;

дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұны «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген;

педагогика, психология, физиология негіздері.

Лауазымдық міндеттері:

қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;

ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;

оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;

барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушы-әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»  2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Азаматтық қызметке, басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсты өткізу орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 4 қабат, 402 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың басталу мерзімі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Рудный Алтай», «Дидар» газеттерінде), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында www.sportvko.gov.kz конкурсты өткізу туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады және құжаттар 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 4 қабат, 402 кабинет мекенжайы бойынша қабылдаданды, байланыс телефондары: 8-7232-702-292, 702-286, электрондық мекенжайы: la.bolaeva@akimvko.gov.kz.