Язык сайта Язык сайта

Ольга Рыпакова Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Ольга Рыпакова Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Шығысқазақстандық жеңіл атлет Индонезия жерінде өтіп жатқан Азия ойындарында үш қарғып секіруден алтын медаль иеленді.

Құрлықтың кіл мықтылары бас қосқан байрақты бәсекеде ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ тәрбиеленушісі Ольга Рыпакова Индонезия төрінде топ жарды. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы бұл жолы құрлықтық додада өзін теңдессіз екенін тағы бір рет дәлелдеді. Естеріңізге сала кетейік, шығысқазақстандық спортшы осымен төртінші рет Азия ойындарында үздік атанып отыр. Сайыс барысында жерлесіміз екінші мәрте секіргенінде-ақ 14 м межеге жеткен болатын. Өзге спортшылар болса бұл нәтижеден тым алыста қалды. Ал өзінің бесінші мүмкіндігінде 14,26 м нәтижесін көрсетіп, қарсыластарынан айтарлықтай қара үзіп кеткен еді. Екінші орын тайландық Париньей Чумаймароенгке-13,93 м бұйырса, дәл сондай нәтижемен тағы бір күміс жүлде вьетнамдық атлетке тиесілі болды.

 

                                                                                                              ШҚО Дене шынықтыру және спорт

                                                                                                              басқармасының баспасөз қызметі