Язык сайта Язык сайта

ШҚО БАҚ өкілдері пейнтболдан сынға түсті

ШҚО БАҚ өкілдері пейнтболдан сынға түсті

Биыл айтулы шараны атап өтуде алты команда жарыс жолына шықты. Олар:«Шығыс ақпарат» ЖШС, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, «ALTAI» арнасынан екі команда, «Вестник Казцинка» газеті, сондай-ақ баспасөз хатшылары. Айта кету керек, ««ALTAI»» телеарнасы спорттық сайысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Жарыс төрешілері ең алдымен жеребе тартып, қарсыластарды анықтады. Қатысушылар жоғарыда атап өткендей, алғаш болып кедергілерден жүгіріп өтіп, страйкбол автоматынан нысанаға тигізді. Одан кейін пейнтболдан бақтарын сынап, артынша садақ атумен сайысты қорытындылады. Достық турниры болғанымен, барлық команда жеңіс үшін барып салып, қызу бәсекеге түсті. Үш кезеңнен құралған жарыс қорытындысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрамасы топ жарды.

Баспасөз хатшылары жүлделі екінші орын иеленсе, «Вестник Казцинка» газеті үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне ««ALTAI»» телеарнасының директоры Аида Жабағиева қатысты.

 – Барлықтарыңыз бір кісідей ат салысып, арнамыздың 60-жылдығын атап өтуге жиналғандарыңызға алғыс білдіргім келеді. Достық жарысымыз өте қызықты өтті деген ойдамын. Қазіргі «Алтай» бұрынғы «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы үнемі білікті мамандар даярлап келеді. Бірқатар түлектеріміз республикалық деңгейдегі арналарда қызметте. Мұның бәрі, әрине, сіздердің де қолдауларыңыз деп білемін, – деді Аида Жабағиева.

comments powered by HyperComments