Язык сайта Язык сайта

Нұр-Сұлтан қаласында көркем гимнастикадан жарыстар өтті

Нұр-Сұлтан қаласында көркем гимнастикадан жарыстар өтті

2019 жылдың 09-14 мамыры Нұр-Сұлтан қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы аясында жарыстар өтті, оған Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 тәрбиеленушісі қатысты.
Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының V Жазғы Спартакиадасына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Акмола облысынан, Алматы облысынан, Қарағанды облысынан, Павлодар облысынан, Солтүстік Қазақстан облысынан және Шығыс Қазақстан облысынан спортшылар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының көркем гимнастика бойынша аға жаттықтырушысы Анара Даулетовна Жантасованың басшылығымен спорт мектебінің тәрбиеленушілері: Семенюченко Екатерина, Абакумова Маргарита, Бронникова Дарья, Никулина Виктория және Алисултанова Асима топтық жаттығуларда (3 шеңбер, 6 ұршық) 3 орын алды.