Язык сайта Язык сайта

Нұр-Сұлтан қаласында велосипед спорты бойынша ҚРЧ өтті

Нұр-Сұлтан қаласында велосипед спорты бойынша ҚРЧ өтті

2019 жылдың 24-28 сәуірі Нұр-Сұлтан қаласында велосипед спорты бойынша омниумдағы, мэдисондағы, спринтерлік омниумдағы 15-16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, оған спорт мектебінің 4 тәрбиеленушілері қатысты.

Велосипед спорты бойынша омниумдағы, мэдисондағы, спринтерлік омниумдағы 15-16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатына Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан, Акмола облысынан, Алматы облысынан, Қарағанды облысынан, Батыс Қазақстан облысынан, Павлодар облысынан, Кызылорда облысынан, Жамбыл облысынан және Шығыс Қазақстан облысынан спортшылар қатысты.

Үлкенірек қыздар арасында жеке жарыстар 6 кезеңде өткізілді:            

1 кезең. 200 м.  кідірместен Голубкова Юлия – 1 орын
2 кезең. Спринт           Голубкова Юлия – 2 орын
3 кезең. Спринтерлік омниум, кейрин Голубкова Юлия – 1 орын
4 кезең. Спринтерлік омниум, 250м орыннан        Голубкова Юлия – 1 орын
5 кезең. Спринтерлік омниум, 250м кідірместен  

Голубкова Юлия – 1 орын

Тюлькина Дарья – 2 орын

6 кезең. Спринтерлік омниум, топтық жарыстан шығып қалу.        Тюлькина Дарья – 3 орын.

   Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілері келесі жүлделі орындар алды.

 Үлкенірек қыздар арасында 6 кезеңнен тұратын спринтерлік омниумның нәтижесі:

1 орын – Голубкова Юлия

Үлкенірек қыздар арасында мэдисонда (40 айналым):

3 орын – Бубенцова Софья, Тюлькина Дарья