Язык сайта Язык сайта

Өскемен қаласында үстел теннисінен ШҚО Чемпионаты өтті

Өскемен қаласында үстел теннисінен ШҚО Чемпионаты өтті

2019 жылдың 14-16 мамыры Өскемен қаласында үстел теннисінен 2008-2009 жылы туылған, 2010 жылы туылған және одан кіші жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында Шығыс Қазақстан облысының Чемпионаты өтті, оған 90-ға жуық спортсмендер, соның ішінде спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің 9 тәрбиеленушісі қатысты.
Чемпионатқа Семей қалаларынан, Тарбағатай ауданынан және Көкпекті ауданынан спортшылар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілері келесі жүлделі орындар алды.

2008-2009 жылы туылған ер балалар арасында:

2 орын – Тұркестанов Едіге

2008-2009 жылы туылған қыз балалар арасында:

3 орын – Кальтенбергер София

2010 жылы туылған және одан кіші жастағы ер балалар арасында:

3 орын – Смирнов Никита

2010 жылы туылған және одан кіші жастағы қыз балалар арасында:

3 орын – Рейсу Амина

2010 жылы туылған және одан кіші жастағы ер балалар мен қыз балалар арасында абсолюттік біріншілікте:

3 орын – Смирнов Никита