Язык сайта Язык сайта

Павлодар қаласында батуттық гимнастикадан жарыстар өтті

Павлодар қаласында батуттық гимнастикадан жарыстар өтті

2019 жылғы 14-19 мамыр аралығында Павлодар қаласында батуттық гимнастика бойынша Қазақстан Республикасының 5-ші жазғы Спартакиадасы аясында жарыстар өтті.

Батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының 5-ші жазғы спартакиадасына Шымкент, Тараз, Орал, Павлодар, Қарағанды қалаларынан, Солтүстік Қазақстан облысынан және Шығыс Қазақстан облысынан спортшылар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық 1 орынға ие болып, 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медальға ие болды.

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары келесі орындарға ие болды:

1 орын:

1) Вислобокова Анжела (әйелдер арасында акробатикалық жолда жеке секіру)

2) Бухарина Надежда,

     Вислобокова Анжела,

     Смотрикова Виталия,

     Токторханова Амина. (Әйелдер арасында акробатикалық жолда командалық секіру)

3) Барков Роман, Грачев Игорь (ерлер арасында батутта синхронды секіру)

2 орын:

1) Смотрикова Виталия (әйелдер арасында акробатикалық жолда жеке секіру)

2) Бухарина Надежда,

     Вислобокова Анжела,

     Смотрикова Виталия (әйелдер арасында батутта командалық секіру)

3) Грачев Игорь (батутта жеке секіру)

3 орын:

 Бухарина Надежда (әйелдер арасында акробатикалық жолда жеке секіру)